Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Т.Қуанышбаев атындағы жеке ғылыми-білім беру қоры АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Т.Қуанышбаев атындағы жеке ғылыми-білім беру қоры


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Т.Қуанышбаев атындағы жеке ғылыми-білім беру қоры Сіздерді 2019 жылдың 7-8 қараша күндері ғалым-ұстаз, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қуанышбаев Толыбек Досайұлының (1952-1998 жж.) жарқын бейнесін еске алуға арналған «Жаратылыстану және жаратылыстану-ғылыми білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференцияға алыс және жақын шетелдердің білім және ғылым салалары ғалымдары, магистранттар, докторанттар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатыса алады.
Конференция мақсаты: Қазіргі кезеңдегі жаратылыстану-ғылыми зерттеулер мен білім берудің өзекті мәселелерін талқылау.
Конференцияның өтетін орны мен уақыты: Пленарлық отырыс 2019 жылдың 8-қарашасында Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, №72, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер сарайында өтеді. Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің қазіргі даму тенденциялары мен мәселелері;
2. Жаратылыстану-ғылыми білім берудің өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдары негізінде мақала жинағы шығарылады. Іс-сапар шығындары қатысушылар есебінен.
Конференцияға қатысушылар 3 000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын төлеулері тиіс. Материал A4 форматында, 5 беттен аспауы керек, Word редакторында 12 өлшемді шрифтпен (10 сілтеме үшін), интервал 1.0, шрифт «Times New Roman», парақтың ені бойынша тураланады, шеттері 25 мм, ӘӨЖ көрсетілуі керек.
Конференция материалдары тікелей көшіру арқылы құрастырылады. Осыған байланысты ғылыми мақалаларды жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып мұқият өңделген түрінде ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз. Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған немесе талаптарға сәйкес келмеген материалдар қаралмайды және авторларға қайтарылмайды.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 20-қазанына дейін тіркеу картасы мен материалды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберу керек.
Ұйымдастыру жарнасын келесі деректемелерге аударуды сұраймыз:
ИИК (IBAN) KZ78914012203KZ0086B «Сбербанк» АҚ ЕБ Астана БИК: SABRKZKA, КБе 17, БИН: 190140014218, төлем тапсырмасының коды 859, төлем тапсырмасында көрсетілуі тиіс: «Аты, тегі, «Халықаралық конференция-2019» немесе «Kaspi Bank» арқылы № 5169 4931 1963 0872 карточкалық шотына, ЖСН 630513401371, Наренова Сауле Маратовна атына жіберуге болады, онда «Конференцияға қатысу үшін» деп, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Сканерленген түбіртек мақалалармен бірге электронды пошта арқылы ұйымдастыру комитетіне жіберілуі қажет.
Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша mob.tel +7(747) 862 78 99 Наренова Саула Маратовнаға хабарласуға болады. Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ақпараттық хат (жүктеу)


Ұйымдастыру комитеті

 

Мақаланы рәсімдеу мысалы

 

УДК 691.33

 

К ВОПРОСУ О СОВЕРШЕНСТВОВАНИИ СУЩЕСТВУЮЩЕЙ СИСТЕМЫ РЕЙТИНГОВОГО КОНТРОЛЯ ЗНАНИЙ

 

Абил А.Т., Иванов С.К.

(КГУ им. Коркыт Ата)

 

Основной текст статьи.

 

Литература:

1. Вилков В.С., Гайдин С.Г., Губин С.В., Зубань И.А., Красников А.В. Результаты мониторинга гусеобразных птиц в Северо-Казахстанской области весной 2011 г//Материалы международной научно-практической конференции «Независимый Казахстан и научное наследие академика М. Козыбаева». – Петропавловск, 2011. – С. 54-59.

 2. Баекенова М.К. и др. Экологические проблемы аграрного сектора экономики Казахстана //Научно-прикладные исследования в области охраны окружающей среды. – Алматы, 2006. – С. 59-67.

3. «Охрана окружающей среды и устойчивое развитие Казахстана». Статистический сборник АРКС Астана, 2009.

                                                    Конференцияға қатысу өтініші

 

 

 

Фамилиясы_____________________Аты____________Әкесінің аты____________________

 

Ұйым аты, қызметі ________________________________________________________                          

                                              (кафедра оқытушысы. …)                                       

Ғылыми дәрежесі, атағы_______________________________________________________ Адресі (толық)________________________________________________________________ Автор телефоны (ұялы, қызметтік)________________________________________________ Автор электронды адресі_______________________________________________________ Тақырыбы____________________________________________________________________ Секциясы (номер және аты)_____________________________________________________ Ұйымдастыру жарнапұлы  (№ и дата платежного поручения)__________________________ Күні_________________                           Қолы____________________

 

 

  

JoomShaper