Өсімдік шаруашылығы бағыты (6D080100 – Агрономия мамандығы) бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Демесінова Айнұр Айтжанқызы докторлық диссертациясын қорғайды

 

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  8D081–Өсімдік шаруашылығы бағыты (6D080100 – Агрономия мамандығы) бойынша Демесінова Айнұр Айтжанқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Арал өңірінің тұзды топырақ  жағдайында арпа сорттары мен будандарын селекциялық бағалау»диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Аграрлық-технологиялар кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: қазақ.

Ғылыми кеңесшілер:

Ғылыми кеңесшілер: Таутенов И. А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Қызылорда қ., Қазақстан);

Тохетова Л.А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ауыл шаруашылық ғылым академиясының корреспондент мүшесі  (Қызылорда қ., Қазақстан);

Зеленский Г.Л.,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,  Кубань мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры (Краснодар қ., Ресей).

Рецензенттер:

1) Сарбаев Амангельды Таскалиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Иммунитет және өсімдік қорғау» тобының жетекшісі, мамандығы 06.01.05 - Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы,  06.01.11 – Өсімдік қорғау.

2)  Ортаев Анарбай Кайнарович– ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,  «Красноводопад ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің директоры, мамандығы 06.01.05- Ауыл шаруашлығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы.

Қорғау 2019 жылы 31 мамырда сағат 15:00-де Қорқыт Ата  атындағы ҚМУ  жанындағы 8D081–Өсімдік шаруашылығы бағыты (6D080100 – Агрономия мамандығы) бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекен жайы: 120008, Қазақстан, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №66, №5 ғимараты, мәжіліс залы

Толық мәліметтер

JoomShaper