2019 жылға академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджетті қаражаты есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияжоғары оқу орындарында бір академиялық кезең бойы оқуға конкурс жарияланады

 

Құрметті бакалавриат студенттері!

2019 жылға академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджетті қаражаты есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияжоғары оқу орындарында бір академиялық кезең бойы оқуға конкурс жарияланады.

Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты есебінен, сонымен қатар ақылы негізде оқитын 1-2-3-курс  бакалавриат  студенттері  қатыса алады.

 

Конкурстық комиссия қарауына  қажетті құжаттар тізімі:

 

1. Шетелдік паспорттың түрлі-түсті көшірмесі.

2.№082/у медициналық анықтамасы.

3.Білім алушының ағымды сабақ үлгеріміжөніндегітранскрипт.

4. IELTS сертификаты 5 баллдан төмен емес немесе оның TOEFL баламасы.

5.Шетелдік жоғары оқу орнының студентті шетел тілін меңгерген деңгейімен сөзсіз қабылдауға келісу жөніндегі ресми хаты. (Шетелдік жоғары оқу орны шетел тілі білім деңгейін көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда студент IELTS/TOEFLсертификатын тапсырмаса да болады).                                               

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, университет үміткерге толығымен тапсыру үшін құжаттарды қайтаруға міндетті. 

Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл жинағандардың ішінде жетім студенттерге, мүгедек студенттерге, көп балалалы отбасылардан шыққан студенттерге артықшылықтар беріледі (тиісті құжаттарды тапсырған жағдайда).

 

Құжаттарды 2019 жылғы 20 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына жіберу керек, Астана қ-сы.

 

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 6 ақпаны мен 19 ақпаны  аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде өтеді.

Мекен жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25

JoomShaper