Хабарландыру

 

GREBENNIKON

ОБЪЯВЛЕНИЕ (С 1 ДЕКАБРЯ ДО 31 МАРТА 2020 ГОДА) ДЛЯ КГУ ИМ.КОРКЫТ АТА ПРЕДОСТАВЛЕН БЕСПЛАТНЫЙ ТЕСТОВЫЙ ДОСТУП К ЭЛЕКТРОННОЙ БИБЛИОТЕКЕ GREBENNIKON - ПО ВАШЕМУ IP-АДРЕСУ.
В БЕСПЛАТНОМ ТЕСТОВОМ РЕЖИМЕ МОЖНО БУДЕТ ЧИТАТЬ СТАТЬИ, ПРОСМАТРИВАТЬ ВИДЕОМАТЕРИАЛЫ. ТОЛЬКО - РЕЖИМ ЧТЕНИЯ / ПРОСМОТРА С ЭКРАНА (БЕЗ ВОЗМОЖНОСТИ КОПИРОВАНИЯ, СКАЧИВАНИЯ, РАСПЕЧАТКИ И Т. Д.).
Перечень журналов: http://grebennikon.ru/journal.php.
Перечень книг: http://www.grebennikoff.ru/book/all.
Перечень альманахов: https://www.grebennikoff.ru/collection/all/.
Перечень обучающих видеоматериалов: https://grebennikon.ru/video/?phrase=.
Научно-техническая библиотека

Хабарландыру

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқып жатқан білім алушылар басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген жағдайда 1-15 желтоқсан аралығында қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
1. Жеке куәлік көшірмесі
2. 3х4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет
3. 086-У нысандағы медициналық анықтама (көшірме)
4. Сертификат (көшірмесі)
5. Аттестат (көшірмесі)
6. Транскрипт
7. Белгіленген үлгідегі өтініш
8. Тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек

Хабарландыру

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға үміткер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 31 наурыз 2011 жылы №128 бұйрығымен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 28 қырқүйек 2018 жылы №512 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі «Биология, география және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетің атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Курманбаев Рахат Хамитовичтың 03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алу үшін дайындалған анықтамасы мен ғылыми еңбектер тізімін орналастырды.


1. Ғылыми еңбектер тізімі
2. 03.01.00 – Биология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағын алуға үміткер жайлы анықтама.

Хабарландыру

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінде 8D081 – Өсімдік шаруашылығы бағыты (6D080100 – Агрономия мамандығы) бойынша Жумадилова Жанар Шадибековнаның философия докторы (РһD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Арал өңірінің күріш ауыспалы егістігі жағдайында отандық биотыңайтқыштарды қолдану арқылы түйежоңышқа сорттарының өсіру технологиясын жетілдіру» диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық технологиялар» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: қазақ.
Ғылыми кеңесшілер:
Ғылыми кеңесшілер: Таутенов И.А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Аграрлық-технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Қызылорда қ., Қазақстан);
Шорабаев Е.Ж., биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Өндірістік микробиология» ЖШС-нің директоры (Алматы қ., Қазақстан);
Тодерич К.Н., философия докторы, профессор, Құрғақ жерлердегі ғылыми-зерттеу және білім беру платформасы, Тоттори университеті (Тоттори қ., Япония).
Рецензенттер:
1) Мейірман Ғ.Т., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Мал азықтық дақылдар және жүгері» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, 06.01.05: Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы;
2) Бәкірұлы Қ., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА корреспондент мұшесі, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Күріш және күріш ауыспалы егістігі дақылдарының селекциясы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, 06.01.05: Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы.
Қорғау 2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 15:00-де Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы 8D081 – Өсімдік шаруашылығы бағыты (6D080100 – Агрономия мамандығы) бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен жайы: 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №66, №5 ғимараты, мәжіліс залы.

 

Толық ақпарат 

JoomShaper