Бос лауазымға арналған конкурс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
«Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
«Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры – 1 бірлік;
«Құқықтану» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;
«Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;
«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі - химиялық зерттеулер және технологиялар институты директорының орынбасары – 1 бірлік.

Университет қызметкері болып табылатын адам, конкурсқа қатысу үшін өтініммен бірге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурстан өтер алдындағы кезең ішіндегі еңбектері мен өнертабыстарының куәландырылған, оқытушы (автор) және университеттің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы қолдарын қойған тізімі (№3 Қосымша);
2) конкурстан өтер алдындағы кезеңде соңғы үш жылдағы біліктілік жоғарылатуын дәлелдейтін құжаттардың нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадрлық қызметпен куәландырылған көшірмелері;
3) бос штаттық лауазымға орналасуға үміткердің ғылыми-педагогикалық қызметінің таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды). Таныстырылым қамтуы тиіс:
- педагогикалық қызметі туралы жалпы ақпаратты;
- білім бағдарламасы аясындағы оқытушының дағдылары;
- педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану;
- білім алушының өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру (тапсырмалар, орындауға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері);
- оқыту нәтижелерін және оларға жету құралдарын қою;
- сабақтардың фрагменттері, сабақтардың бейнежазбалары, пәннің таныстырылымы, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің таныстырылымы т.с.с..
4) Бос штаттық лауазымға үміткердің кандитатурасы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшенің ұсынымдары, мәжіліс хаттамасынан үзінді көшірмелерін қоса беру арқылы.

Университет қызметкері емес адам конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жоғары оқу орны басшысының атына өтініш (ерікті нысанда);
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) өмірбаян;
4) жоғары және/немесе жоо кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының куәландырылған тізімі (болған жағдайда);
7) еңбек кітапшасының көшірмесі;
8) ОПҚ лауазымына үміткер туралы кафедраның ұсынымдары, кафедра мәжілісінің хаттамаларынан үзінді көшірмелері;
9) № 086/У үлгі бойынша дәрігерлік анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
10) соттылығы бар не жоқтығы, әкімшілік жауаптылығы бар не жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетімен берілген анықтамалар;
11) бос штаттық лауазымға орналасуға үміткердің ғылыми-педагогикалық қызметінің таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан саспайды). Таныстырылымда қамтылуы тиіс:
- педагогикалық қызметі туралы жалпы ақпарат;
- білім бағдарламасының аясындағы оқытушының дағдылары;
- педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану;
- білім алушылардың өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру (тапсырмалар, орындауға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері);
- оқыту нәтижелерін және оларға жету құралдарын қою;
- сабақтардың фрагменттері, сабақтың бейнежазбасы, пәннің таныстырылымы, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің таныстырылымы және т.с.с..
12) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқтығы туралы анықтамалар.
Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Кафедра меңгерушісі білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Кафедра меңгерушісінің біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Кафедраның профессоры білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Кафедра профессорының біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі болуы тиіс.

Кафедраның оқытушысы білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Кафедра оқытушысының біліктілік талаптары: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі - химиялық зерттеулер және технологиялар институты директорының орынбасары білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты заңдарды, қаулыларды, бұйрықтарды, ұйғарымдарды, стандарттарды және тағы басқа нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды; ғылыми процестi жүргізу кезінде мекемелердің озық тәжiрибелерін; ғылыми құжаттарды құрастыру, рәсiмдеу және жүргiзудiң ретін; іс қағаздарды ұйымдастыруда басшылық етушi материалдарды; ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін келісім шарттарды жасаудың ретін және орындалуын; еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда және жүргізуде жаңа әдiстерді, жоспарлауды пайдалануды; ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашыл ұсыныстарды тіркеуді, ғылыми-техникалық құжаттарды шығаруды қамтамасыз етуді.

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі - химиялық зерттеулер және технологиялар институты директорының орынбасарының біліктілік талаптары:
Жоғары кәсіби білім (магистратура) және мамандық бойынша тәжірибесі 7 жылдан кем болмауы, Web of Science, Scopus мәліметтер базасына енген рейтингілі басылымдарда кем дегенде 5 мақала болуы тиіс. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда (ғылым кандидаты, PhD және ғылым докторы) – еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, Web of Science, Scopus мәліметтер базасына енген рейтингілі басылымдарда кем дегенде 5 ғылыми еңбектерінің, патенттерінің, және де тәжірибеде іске асырылған жобалары мен жасалымдарының болуы тиіс.

Бос лауазымдарға орналасу туралы құжаттарды қабылдау күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей 2019 жылдың мамыр айының 24 мен маусым айының 24 аралығында сағ.17:00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, кадрлар бөлімі, 205 каб.; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242)27-86-28.

JoomShaper