Сыр өңірінде бірінші аймақтық ІТ форум өтті. Онда «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ арасында меморандумға қол қойылды.

Сыр өңірінде бірінші аймақтық ІТ форум өтті. Онда «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ арасында меморандумға қол қойылды.
НҰРҒАЛИ АҚЫЛБЕКОВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ? Физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі Ақылбеков Нұрғали Икрамұлы Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және құқық институты, экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы, мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Назерке Жайберген Жалағаш ауданы Ардагерлер кеңесінің белсенді жастарға арналған марапат және ақшалай сыйлық иегері атанды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к. С.Т.Жарбулова өндірістегі кафедра филиалының өкілі №5 Панфилов атындағы мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қ.Уразовамен «Орыс тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша бинарлы сабақ өткізді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті №7 оқу ғимаратының «Мәңгілік ел оқу орталығында» «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.С. Шеримованың және ПП-16-2 оқу тобының студенттерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ, саналы жастар!» тақырыбында пікірталас өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы Әуелбек Қоңыратбаев атындағы әдеби үйірме мүшелерімен бірлесіп жаңадан «Ұлағат иірімдері» тақырыбында Пруст сауалнамасын ұйымдастырды.
1-192
Университетіміздің тарихы
Университет тарихы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті
1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді.
1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді.
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталады.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды.
1994 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан «Қабілет» мектеп-гимназиясы ашылды.
1996 жылдың 7 мамыры – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтымен бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).
Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты
1976 жылдың 13 шілдесі – Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ).
1990 жылдың 15 қарашасы – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпан – Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына оқытушы-профессорлар және студенттер ұжымының ұсынысымен, сондай-ақ қала жұртшылығының қолдауымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамыры – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
1998 жылдың 24 наурызы – Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен қосылып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ).